Оразалин: Су тасқынынан зардап шеккен бірде бір облыс тұрғыны көмексіз қалмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 сәуір күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин су тасқыны кезеңінің өтуіне байланысты жиын өткізді.

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласының әкімі, сонымен қатар аудан әкімдері онлайн түрде ведомствоға бағынысты аумақтардағы және тасқынға қарсы шараларда жүзеге асырылып жатқан жедел жағдай туралы баяндады.

Облыс әкімі еріген суларды жедел сорып тұруды жалғастыруды, су басқан үйлер мен инфрақұрылымдарды қалпына келтіру сұрақтарымен айналысуды тапсырды.

Жалпы, тасқынға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Тиісті шаралар қабылданып жатыр, азаматтарды қажет болған жағдайда эвакуациялау жағы ұйымдастырылып қойды. Материалдық шығынды өтеу мәселесін пысықтау керек. Көктемгі су тасқыны салдарынан мүлкі бүлінген облыс тұрғындарының бірде бірі көмексіз не назардан тыс қалмайды. Облыстың әрбір елді мекеніндегі, әрбір ауылындағы зардап шегушіні анықтаңыздар,- деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі сондай-ақ, эвакуацияланған азаматтарға тиісті жағдай жасауды, су тасқынын үнемі мониторинг жүргізіп, бақылап отыруды, орын алған жағдайға сол бойда әрекет етуді тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы