Оразалин: Президенттің өңірді дамытуға бағытталған саясатын жүзеге асыруды жалғастырамыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе. облысының әкімі Оңдасын Оразалин Президенттің халықтың әл-ауқатын жақсартып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша тапсырмасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Еліміздің өз алдына дербес мемлекет құрғанына мінеки 30 жыл болды. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 927 мың тұрғын бар. Ал 1991 жылы 740 мың болған. Сәйкесінше, Ақтөбе қаласының тұрғындарының саны шамамен екі есе өсіп, бүгінгі күнге 551 мыңды  құрайды. Өңірлік әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарғанын осы сандар арқылы да білуге болады. Өйткені адам баласының табиғатына тән нәрсе, қай жерде  өмір сүру ыңғайлы, сол жерге көбірек шоғырланады. Біз өңірдің серпінді дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Президент саясатын іске асыруды жалғастырудамыз,- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Оның сөзінше, жыл басынан бері негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға ұлғайды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 11,2% өсім тіркелді.

Сонымен қатар әкім негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны - 130,5%-ды, құрылыс – 103,4%-ды, тұрғын үйді пайдалануға беру - 112%-ды, сауда - 104,1%-ды құрағанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы