Оралмағамбетов ғарыштық мониторингтің қалай жұмыс істеп жатқанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді.
Комитет төрағасы экономика салалары үшін ғарыштық мониторинг нәтижелерін енгізу туралы мәлімдеме жасады.
Ол жерді қашықтан зондтаудың меншікті ғарыш жүйесінің жұмысы туралы және ғарыштық мониторингтің тетігі мен нәтижелері туралы хабардар етті.
Айыру қабілеті жоғары «KazEOSat-1» – 1м және орташа «KazEOSat-2» – 6,5 м., «KazSTSat» – 17,5 м жерді қашықтықтан зондтаудың отандық жерсеріктері бола отырып, сондай-ақ шетелдік операторлардың ғарыштық түсірілімдерін пайдалана отырып, 4 жыл бұрын қазақстандық мамандар геоақпараттық сервистерді дамыту саласында үлкен серпіліс жасады, – деді ол.
Оралмағамбетовтың айтуынша, мемлекеттік органдар 6 жылдан астам уақыт ғарыштық суреттерді алып, 4 жылдан астам уақыт ғарыштық мониторинг нәтижесін алып келеді.
Ғарыштық мониторинг – бұл бірегей, жоғары технологиялық, тәуелсіз және орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған сенімді құралдарының бірі. Геоақпараттық жүйелердің тиімділігі мемлекеттік органдар міндеттерінің жыл сайын кеңеюімен және олардың су, орман, жер ресурстарының ғарыштық мониторингін белсенді қолданумен, заңсыз орналасқан қалдық үйінділерін анықтау және жоюмен, төтенше жағдайларды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен дәлелденеді, – деді Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құтқарушылардың тұрғын үй төлемдерін, зейнеткерлік жасын азайтуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатыр
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы