Оралға ұшып келген жолаушылардың барлығында ПТР-анықтама болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралға ең жауапты жолаушылар ұшып келді, деп хабарлады Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
2020 жылғы 26 қарашада Қазақстанға 13 халықаралық әуе рейсі қонды: Германия, Ұлыбритания, БАӘ, РФ, Түркия, Иран, Латвия, Египет.
1496 жолаушының 1384-інде теріс нәтижелі анықтама болды. 112 Қазақстан азаматының анықтамасы болмады.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтанға - 5 рейс, 612 - жолаушы, 548 - анықтамамен, 64 - анықтамасыз;
Алматыға - 5 рейс, 688 - жолаушы, 657 - анықтамамен, 31 - анықтамасыз;
Шымкентке - 1 рейс, 133 жолаушы, 123 - анықтамамен, 10 - анықтамасыз;
Оралға - 1 рейс, 56 жолаушы, бәрі анықтамамен;
Ақтауға - 1 рейс, 7 жолаушы, бәрі анықтамасыз.
Қазақстанға анықтамасыз келген жолаушылар карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирусқа тест тапсырды.
Айта кетейік, Оралға ұшып келген жолаушының 100%-ында анықтама болды.