Оралдық полицейлер бопсалаушыларды ұстады
БҚО ПД экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күшпен 1992 ж.т. Орал қаласының тұрғынынан 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған 1984 ж.т. тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды.
Сондай-ақ БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 және 20 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олар күшпен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Ұсталғандар Орал қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған екі фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Оларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.