Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген күдіктілердің ұсталу сәті түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Оралдан шығатын және кіретін жолдарды тексерген. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылған.

Еске салайық, оқиға 6 тамызда сағат кешкі 20:00  болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадион тұрағынан табылған болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерге кафеде шабуыл жасалғаны анықталды. Кейінірек күдіктілердің жеке басы анықталды, олар - кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы