Оралдық елорда тұрғындарын 6 млн теңгеге алдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов журналистерге берген брифингте айтты.

Биыл Орал қаласының тұрпғыны ұсталды. Ол елорданың 65 тұрғынын 6 млн теңгеден астам сомаға алдап кеткен. Ол пәтер жалға беру бойынша жалған хабарландыруларды арнайы сайттарға ұрланған суреттермен жариялаған. Алдын ала төлемді виртуалды картаға жіберуді сұраған. Кілт табыстауға кездесуге шақырып, уақыт таяғанда хабарландыру мен телефон нөмірін өшіріп тастаған, - деді ол.

Бөлегенов елордалық 50 жастағы ер адам жүргізуші куәлігін дайындап беру бойынша алаяқтық жасаған.

«Телеграм» арнасында ол «жүргізуші куәлігін ешқандай емтихансыз жасап беремін» деген хабарландыру жасаған. Осындай 15 шақты алаяқтық жасаған. Қазір ол түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр, - деді Талғат Бөлегенов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы