Оралдан Алматыға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысты

FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Алматыдан ұшып келе жатқан кезде құстармен соқтығысып, соның салдарынан Орал әуежайында кідіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады.

24 қаңтар күні Алматы – Орал бағыты бойынша FS7167 рейсін орындау барысында әуе кемесі құстармен соқтығысты. Ұшақ Орал әуежайына қонғаннан кейін диагностика жүргізу және әуе кемесінің кейбір бөлшектерін ауыстыру үшін Астанадан инженерлік-техникалық мамандар жіберілді. Барлық тексеріс толық аяқталған соң ұшақ пайдалануға жіберіліп, 25 қаңтар күні сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша ұшып шықты. Кешіккен рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ берілді, сондай-ақ сұраныс бойынша 33 жолаушыға қонақүйге орналастыру қамтамасыз етілді, – делінген хабарламада.

Әуе компаниясында құстармен соқтығысу жағдайлары тасымалдаушыға тәуелді емес сыртқы факторларға жататынын атап өтті. Барлық әрекет авиациялық қауіпсіздік пен техникалық пайдалану талаптарына қатаң сәйкес орындалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @BAQ.KZ-тің архиві - Нұркен Алишев
Өзгелердің жаңалығы