Оралдағы жарылыс. Үшінші адамның денесі табылды

Оралда жарылыс болған жерден қаза тапқан үшінші адамның денесі табылып, шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін төтенше жағдайлар қызметі қираған құрылыстардың астынан 6 адамды тауып, құтқарды, оның 5-еуі емдеу мекемелеріне жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық қызмет, барлығы 190 адам мен 50-ден астам техника жұмылдырылған.

Оқиға орнында қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабында 8 (7112) 55-40-88 сенім телефоны жұмыс істейді.

Еске салсақ, Оралдағы жойқын жарылыстан дәмхана қирап, үйінді астынан екі адамның денесі табылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы