Оралдағы жағдай күрделі – ТЖД

Мамандар Жайықта су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңына тікелей байланысқа шыққан БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш айтты.

Қазіргі таңда жағдай күрделі. Себебі Жайықта су деңгейінің көтерілуі әлі байқалып отыр. Су деңгейі әлі 9,5м-ге дейін көтерілуі мүмкін, - деді ол.

Сондай-ақ адамдар өз үйлерін тастамай қиындық туғызып жатқан көрінеді.

Министр тапсырмасы бойынша облысқа келген қосымша күш Орал бойынша 4 ауданға жұмылдырылды. Олар Жайықтың жағасын көтеру, дамбыларды қалыңдату, қапшықтар төсеу, адамдарды ақпараттандыру секілді жұмыстарды жүргізіп жатыр. Өкініштісі, эвакуациядан бас тартып жатқан адамдар бар. Олардың басты себебі, судың келуіне сенбейді. Біз барынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп отырмыз, - деді маман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы