Оралдағы қанды апат: Полиция қуған көлік Lada-ға соғылып, адам қаза тапты

Оралда ұрланған Renault Logan көлігін қуалау кезінде жол апаты болып, Lada Granta жүргізушісі қаза тапты. Күдікті ауруханада полиция күзетінде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Назарбаев көшесінде тіркелген. Полицияға Renault Logan автокөлігінің ұрланғаны жөнінде хабар түскен. Көп ұзамай тәртіп сақшылары көлікті анықтап, қуа бастаған.

Қашқан жүргізуші бағдаршамда тұрған Lada Granta және Lada Largus көліктеріне қатты жылдамдықпен соғылды. Соның салдарынан Lada Granta-ның жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Куәгерлердің айтуынша, соққыдан кейін көлік өртене бастаған, оны өрт сөндіргішпен ауыздықтауға тура келген. Жарақат алған күдіктіні құтқарушылар көліктен қиып шығарып алған.

Апатқа себепкер болған адам тірі, ол ауруханаға жеткізілді және қазір полиция күзетінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы