Оралда жасөспірімді 100 мың теңгеге сатпақ болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай хабарлама бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіге шыққан болатын. Бұл туралы tdk42.kz хабарлады.
БҚО Дөңгелеккөл ауылында 10-сынып оқушысына өзінің сыныптастары қысым көрсетеді. Оны ұрып тастайды, бірақ полиция, мектеп әкімшілігі және білім басқармасы ешқандай шара қолданбайды.Менің ұлымды бірнеше рет ұрып кетті, ақшасын тартып алды. Мен барлығын білген кезде сыныптастары келіп ақшаны қайтарып берді және полицияға шағымданбауымды өтінді. Және мен полицияға шағымданбадым. Бірақ қабырғасын сындырғанда прокуратураға, әкімдікке және полицияға бардым. Кейін интернетте баламның суреті шықты және астына 100 мың теңге сатылады деп жазылған. Біреулер жазба астына оның дене мүшелерін сату туралы пікір қалдырған. Солай жасауға бола ма? Мен мұны былай қалдырмаймын. Әркім өз ісіне жауап беру керек, - деді жасөспірімнің анасы Алтын Ахмедиярова.Әйелдің айтуынша, аталған факті бойынша ешқандай шара қолданылмаған. Мектеп директоры хабарландыруды таратқан адамды табуға тырысқан, бірақ әлі таппаған. Оны полиция қызметкерлері де таба алмаған.
Азамат Ахмедярова ұлын ұрып-соқты деген шағыммен бізге жүгінді. Бұл факт Зашаған бөлімдік полициясында қарастырылып, істе ешқандай қылмыс белгілері болмағандықтан, жабылған. 25 қаңтарда зардап шегушінің анасы басқа шағыммен хабарласты. Онды ұлының фотосымен бірге сатылатыны туралы жазба тараған. Бұл істе де криминал белгілері байқалмады, сондықтан бұл іс те жабылды, - деді Орал Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Гуляман Исмағұлова.Жағдайды шешу үшін ішкі істер органдарының ардагерлері де кіріскен. Олар мектепке келіп, директормен кездескен. Мұнда Зашаған полиция бөлімі бастығының орынбасары да келіп, тергеу жалғасатынын айтқан. Бұл оқиғадан білім басқармасы да хабардар.
Біз мектеп директорымен жиналыс өткіздік. 15 күннен кейін нәтижесін ата-аналарға хабарлаймыз. Қазір бала мектепке барып жүр, - деді Орал қалалық білім басқармасының бас маманы Жазира Рысқазиева.
Анасы баласын мазақтағандар кешірім сұрағанын қалайды. Полицейлер жазба авторын табу үшін тергеу жүргізетініне уәде етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәжікстанда 2 мыңға жуық мешіт жабылды
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы