Оралда жаппай төбелестен бір жігіт көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда ер адам жаппай төбелес салдарынан қайтыс болған.
БҚО ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 5 ақпанда сағат 00:02-де «102» операторының пультіне Х.Доспанова көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде төбелес болғаны туралы хабарлама түскен.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына келген бойда алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін белгісіз тұлға Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынына бірнеше пышақ жарақатын салғаны анықталды, олардан соңғысы оқиға орнында қайтыс болды. (...) Тағы екі жас жігіт оның әрекетінен зардап шекті. Олар облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды, - деп нақтылады облыстық полициядан.Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері бұрын бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған 27 жастағы Орал тұрғынын анықтап, ұстаған.
Қазіргі уақытта Орал ҚП Абай ПБ ҚР ҚК 99 - бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - дейді баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы