5 Ақпан 2023 2023, 14:49
Фото: nabat.news
Оралда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші тіл тартпай кетті
Оралда жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оралда жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан.
2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.