28 Мамыр 2023 2023, 00:20 Фото: БҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі

Оралда жабық базар өртенді

Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 мамыр күні Құрманғазы көшесі, 208/2-мекенжайында болған.

Таңғы сағат 05.00-де орталық базардың ішінде орналасқан «Ақжол» жабық базарында азық-түлік өнімдерін сататын 3 бутик отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 05.25-те оқшауланып, 05.43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.