Оралда жаңадан құрылған жол тосқауылына автокөлік соғылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда "ВАЗ 2115" көлігі жол бойына орнатылған блок-бекетке соғылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол апаты 30 наурызда 21.30-да Жәңгір хан көшесінің бойында бағдаршамның жанында болған. Күшті соққыдан бетон блоктардың бірі 4 метрге жылжыды.
Облыстың полиция департаментінің мәлімдеуінше, апаттан ешкім зардап шекпеген.
Айта кетейік, 31 наурыздан бастап Орал қаласында және БҚО-да коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар жаңа шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, жол бойына блок-бекеттер қойылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарлық азамат Ертіске батып кетуге тырысты
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы