Оралда заңсыз орнатылған дүңгіршектер жабылып жатыр

Оралда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүріліп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Жлпы заңсыз орнатылған сауда нүктелерін анықтау жұмыстары қараша айында басталған. Осы мақсатта жұмыс тобы құрылып, оның құрамына тек әкімдік өкілдері ғана емес, полиция қызметкерлері де кірді.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осылайша, қалада 60-қа жуық заңсыз дүңгіршек анықталды. Барлық сауда нүктесінің иелеріне рұқсат қағаздарын ұсыну туралы ескертулер берілді.

Осыдан кейін кәсіпкерлердің көпшілігі дүңгіршектерін өздері жауып тастайды. Келіспеушілік туындаған жағдайда қалалық жер қатынастары бөлімі жерге орналастыру бөліміне хат жолдайды. Кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жолданады, - деп жазылған материалда.

Нәтижесінде заңсыз орнатылған 29 дүңгіршек жабылды. Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді деп сендірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы