18 Қараша 2026, 22:53 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған

Оқиға кезінде қыз бала медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Бүгін Орал қаласындағы Назарбаев даңғылында құтқарушылар пәтер ішінде қамалып қалған кішкентай қызға көмек көрсетті.

2023 жылы туған бала пәтерде жалғыз қалып қойған. Құтқарушылар анасының қатысуымен кіреберіс есікті ашып, пәтерге кіруге мүмкіндік жасады.

Оқиға кезінде қыз бала медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.