Оралда үш оқушыны көлік қағып кетті
Оралда ассенизатор көлігі 3 оқушы қызды қағып кетті. Оқиға №30 мектеп маңында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Жасөспірімдер қазір балалар ауруханасында ем алып жатыр. Олар 11,12 және 13 жаста. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екеуі жабық бас-ми жарақатын алған. Ал үшіншісінің ортан жілігі сынған. Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның хабарлауынша, апат кезінде жүргізушінің есірткіге елітіп тұрғаны анықталған.
Аталған оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жыл басталғалы бері 37 жол-көлік оқиғасынан балалар зардап шекті. Атап айтқанда, 9 бала көз жұмып, 40 бала түрлі дене жарақатын алды, - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мирхат Әженов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы