Оралда Ұлттық ұланның әскери қызметші әйелдері спартакиадаға алғаш рет қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда қысқы Президенттік көпсайыстан, сондай-ақ гір қоссайысынан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне жеке-командалық сайыс  мәреге жетті. 

Айта кетейік, 20-шы спартакиадада 5 км қашықтыққа алғаш рет шаңғы жарысына әскери қызметші әйелдер қатысты.

 Жарысқа Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен және Орал қалаларында орналасқан "Батыс" ӨңҚ әскери бөлімдерінен   ат терлетіп келген 6 команда қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына Ұлттық ұланның "Батыс" өңірліқ қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев, "Батыс" өңірліқ қолбасшылығының қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, Батыс Қазақстан "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары запастағы полиция полковнигі  Павел Ставкин және Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев қатысты.

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мықты, төзімді және мерген болуға тиіс. Шаңғымен он шақырымдық жүгіру дене шынықтыруда да маңызды рөл атқарады.Сондықтанда, әскери адам жақсы жүгіре біліп қана қоймай, қысқы спорт түрлерін жетік меңгеруі тиіс, өйткені мұның бәрі оған міндетті түрде қызметте қажет болады, - деп атап өтті  өз сөзінде генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Үш күн бойы қатысушылар арасындағы қызу күрес үш сайыстың әр кезеңінде, жеке және командалық есепте жүргізілді. 

Бұл жарыстың мақсаты Ұлттық ұлан әскерлерінің біріншілік жарыстарына қатысу үшін "Батыс" өңірліқ қолбасшылығының құрама командасын жасақтау, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін қажетті салауатты өмір салтын, спорт түрлерін насихаттау болып табылады, - деп атап өтті  полковник Павел Ситников.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 5517 әскери бөлімінің спорт ұжымы (Орал қ.) жеңіске жетті. Турнирдің күміс жүлдегерлері 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшілері (Ақтау қ.). Үшінші орынды 6656 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды (Ақтау қ.)

Пневматикалық винтовкадан ату бойынша жеке есепте бірінші орынды 6656 әскери бөлімінің  капитаны Әділ Исаев (Ақтау) иеленді. Екінші орынды 3502 әскери бөлімінің ефрейтор  Омар Асқар (Ақтау), ал үшінші орынды 5517 әскери бөлімінің лейтенанты  Асылбек  Байгисиев (Орал) иеленді. Ал әйелдер арасында пневматикалық винтовкадан ату бойынша жеке есепте кіші сержант Алия Абдрахманова жеңімпаз атанды.

Пневматикалық мылтықтан атудың бірқатар құнды қасиеттері бар, соның арқасында сіз әскери қызметшінің шеберлігін жетілдіре аласыз. Сондай-ақ, бұл өте ақпараттық, өйткені мергендер өз нәтижелерін бағалай алады және атыс кезіндегі қателіктердің себептерін тез анықтайды. Ең бастысы, осы спорт түрінен жарыстар біз үшін қажет, өйткені дағдылар жауынгерлік қызмет процесінде де қолданылады, - дейді жеңімпаз капитан  Әділ Исаев.

Одан  әрі, күш гимнастикасы жаттығуын орындауда 5517 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Жүсіповке тең келер ешкім болған жоқ, ол осы кезеңде жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында 6656 әскери бөлімінің ефрейторы Айгерим Мусина  ең мықты болып танылып, бірінші орынды иеленді.

Жеке есепте шаңғы жарысында 10 км бірінші болып 5517 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Жүсіпов (Орал) мәреге жетті. Екінші орынды 5517 әскери бөлімінің сержанты Мұхамбет Жәкиев (Орал) иеленді. Үшінші орын 5517 әскери бөлімінің сержанты Асылбек Байғасиевке бұйырды.

Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша гірі қоссайыстан өз салмақ дәрежесінде лейтенант Асылхан Машкенов (63 келі, Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімі), қатардағы жауынгер рақым Кәкімов (73 келі, Орал қаласының 5517 әскери бөлімі), аға сержант Болат Қарашолақов (85 келі, Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімі), аға сержант Руслан Күмісбаев (95 келі, Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімі) жеңімпаз атанды.

Гір қоссайыс бойынша жалпы командалық есепте 6655 әскери бөлімінің (Ақтөбе) әскери қызметшілері командалық есепте жеңімпаз атанды, екінші орын 5546 әскери бөлімінің (Атырау) командасына бұйырды, ал қола 3502 әскери бөлімінің ( Ақтау) спортшыларының қоржынына түсті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Осы дүбірлі доданың  жүлдегерлері мен жеңімпазадарын  Ұлттық ұлан "Батыс"  өңірліқ қолбасшылығының қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов және Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтер марапаттады.

Ұландықтардың жарысы денсаулық пен спорттың нағыз мерекесіне айналды. Көрермендер мен жанкүйерлер тамаша спорттық дайындықтың, әскери қызметшілердің жеңіске деген жігері мен ерік-жігерінің куәсі болды. Спартакиада қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік берді.

Өйткені дәл осындай іс-шаралар ұжымды біріктіруге, жылдамдықты, ептілікті, шыдамдылықты жаттықтыруға, спорттық қана емес, жауынгерліқ қызметтік міндеттерді де шешуге ықпал етеді. Қатысушылар сыйлықтарға, турнирдің ұйымдастырылуына риза болды.

Айта кетейік, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан облысының "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігіне және Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне жарысты ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін  шексіз  алғыс білдіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы