26 Қыркүйек 2026, 20:53 Фото: istockphoto.com

Оралда тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенді

Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Орал қаласының Зачаганск кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында жалынның таралуына жол берілмеді. Өрт 500 шаршы метр аумақта оқшауланды.

Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерде бықсып жатқан қоқыс орындарына су себу жұмыстары жүргізіліп, су себілген және сөндірілген аумақтарға топырақ төселіп жатыр.

Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.