Оралда тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 маусым күні сағат 03.49-да Ружейников көшесі 9-мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде болған.

ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылды. Оған қоса 39 адам эвакуацияланса, соның 19-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы