Оралда түнгі өрт сөндірілді

Батыс Қазақстан облысында түнгі өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түнде облыс орталығы Орал қаласының А.Чурилин көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Дереу өрт орнына бағытталған құтқарушылар жеке тұрғын үйдің, шаруашылық құрылыстың, монша мен жылыжайдың үлкен аумағын қамтыған өртті анықтады, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖД күштері жалпы ауданы 150 шаршы метр өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы