Оралда су құбыры жарылды
Оралда су құбыры жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды. Оқиға Зачаган кентінде орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Батыс су арнасы» ЖШС мәліметі бойынша оқиға бүгін, 29 қарашада, сағат 19.27-де болды.
Жаңадан салынып жатқан мешіт ауданында диаметрі 225 мм құбыр жарылған. Соның салдарынан Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлер, «Арман», «Сарытау», «Көктем», «Жақсы ауыл», «Ғалымдар ауылы» шағынаудандары сусыз қалды. Тексеру барысында өрт гидрантынан ақау шыққаны анықталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «Батыс су арнасы» ЖШС-дан 4 адам, 2 техника жұмылдырылды. Жұмысты шамамен сағат 24.00-ге дейін бітіру көзделіп отыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде «Кең дала-2» бағдарламасымен несиелендіру басталды
Келесі жаңалық
2025 жылы СҚО-да үш тірек мектебі салынады
Өзгелердің жаңалығы