Оралда тағы бір стационар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 150 орынға есептелген провизорлық стационар облыстық көпбейінді аурухана базасында жақында салынған 2 корпуста ашылды.
Провизорлық стационарда қарқынды терапия палаталары, арнайы мониторлар, 21 өкпені жасанды желдету аппараты, көлемі 7 және 8 литр болатын Бобров аппараттары енгізілген 40-тан астам оттегі концентраторлары бар. Бұл концентраторлар оттегіні өндіру және ӨЖЖ аппаратына қосылу арқылы пациентті оттегімен әр түрлі пайыздық қатынастарында қамтамасыз ете алады.
Мұнда тамақтану мен емдеу жүйесі толығымен оңтайландырылған, қажетті дәретханалармен және үздіксіз сумен қамтамасыз етілген. Науқастарға барлық жағдай жасалған жаңа корпус алғашқы науқастарды қабылдауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түрксібтің 90 жылдығына қатысты викторина басталды
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы