7 Тамыз 2022 2022, 01:37
Оралда стадион маңынан ер адамның денесі табылды
Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесі бойында болды.
П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде,– деп хабарлады ведомстводан.
Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.