10 Қыркүйек 2023 2023, 15:14
Оралда саяжай маңында құрғақ шөп өртенді
Орал қаласында саяжай аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орал қаласында саяжай аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өрт 9 қыркүйек күні 2 саяжай аумағында тұтанды.
Сағат 17.03-те «Меховщик» саяжай қоғамдастығында 0,5 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар отқа оранды. «Тілсіз жау» №1 және №2 өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен (14 адам, 4 техника) сағат 19.24-те ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, иесі тастап кеткен бір учаскеде құрғақ шөп жанғанымен, саяжай үйін жалын шарпыған жоқ. Бірде-бір саяжай үйі отқа кеткен жоқ.