Оралда қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Оралда пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды, бұл іске қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 24 сәуірде сағат 11:31 шамасында 102 операторына Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ​оқиға орнына келгеннен кейін қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған ер бала анықталды.

​Аталған факт ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы