29 Желтоқсан 2021 2021, 09:10
Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.
БҚО гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 29 желтоқсан күні 1-ауысымда бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді.
Жергілікті сағат 06.50-де температура бағаны 26 градус аязды көрсетті. Желдің жылдамдығы - секундына 2 метр. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жолдар ашық.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір айлық мөлшердегі қар түскен еді.