27 Сәуір 2025 2025, 11:35
Фото: Polisia.kz
Оралда полицейлер тұрғынды құтқарып қалды
Түнгі уақытта полицияға Кердері көшесінде әйел адамның көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болғаны туралы хабарлама түскен
Түнгі уақытта полицияға Кердері көшесінде әйел адамның көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары жеткен. Полиция қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, кәсіби әрі үйлесімді әрекет еткен.
Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен байланыс орнатып, оның назарын басқа жаққа аударды. Ал полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полиция аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді дер кезінде ұстап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды, - делінген хабарламада.
Полицейлердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында әйел аман қалды.