Оралда полицейлер көліктен шыққан өртті сөндіріп, адамды құтқарды

Тәртіп сақшылары Азат Бақытжанов пен Мейіржан Тілекқабылов Сарайшық көшесінде автокөліктен шыққан дыбысты естиді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда сол уақытта жүргізуші көліктің ішінде ешнәрсе сезбестен отыра берді. Кейін полиция қызметкерлері жүргізушіге келіп ескертеді. Осы уақытта түтін басталып, көлік капотынан өрт шықты.

Полиция өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндірді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің арқасында болуы мүмкін зардаптың алды алынды.

Жүргізуші қырағылық танытып, көмек көрсеткен полицейлерге алғыс білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы