Оралда "Marvel кейіпкерлері" жол ережесін бұзды

Оралда Marvel кейіпкерлері костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

15 маусым күні кешкі уақытта Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты.

Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алғанымен, олардың ерекше бейнесі жол ережесін бұзған жауапкершіліктен босатпады.

Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. 

Нәтижесінде келесі әкімшілік хаттамалар толтырылды: 

- ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша – 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау); 

- 590-баптың 5-бөлігі бойынша – 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу); 

- 593-баптың 3-бөлігі бойынша – 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау); 

- 595-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу); 

- 590-баптың 2-бөлігі бойынша – 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару). 

Полиция барлық жүргізушілер мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы