29 Ақпан 2024 2024, 02:20
Фото: polisia.kz
Оралда көлігіне 600 киік мүйізін тиеп алғандар анықталды
Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөліті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 593 дана киік мүйізі табылды.
Автокөлік рөлінде Атырау облысының тұрғыны болған және ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.