Оралда қарияны пойыз қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда пойыз қарияны соғып кетті. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

11 шілде күні таңғы сағат 8.00 шамасында Депо көпірі астында 80 жастағы ер адам пойыз астына түсіп қалған.  

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем көлігі шақырту түскен соң төрт минуттан кейін жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Көліктегі полиция департаментінің ақпаратынша, аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің «Теміржол транспорты қозғалысының қауіпсіздік ережесін бұзу» бабы бойынша Орал станциясы полициясының желілік бөлімінің тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы