Оралда халықаралық жастар лагері өз жұмысын аяқтады
Халықаралық Жастар күніне орай АҚДМ мен АБҚО бастамасымен Орал қаласында «Көршілер» халықаралық білім беру лагері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға жастар ұйымдарының, студенттік көшбасшылар мен белсенділер, жас кәсіпкерлер, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның медиа-саласы мен мәдениетінің өкілдері қатысты.
«Көршілер» халықаралық лагерінің делегаттары «Sustainable life: жастарға экологиялық тәрбие беру», «Коммуникациялар және медиа: жас журналистер мектебі», «Бизнес-идеялар банкі: жастар уақыты» бағыттары бойынша арнайы білім беру алаңдарында жаңа білім алды.
Лагерь аясында көрікті жерлер бойынша «Folk Camp» тарихи квест, Жайық өзені бойынша саяхат, үздік мақала байқауы ұйымдастырылды және «Шабыт» шығармашылық орталығы таныстырылды.
Қатысушы елдер жастарының ынтымақтастығын күшейту, бірлескен іс-шаралар өткізу, жастардың тиімді тәжірибе алмасуы мен құзыреттілігін арттыру мақсатында қысқы білім беру лагерін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.