Оралда есірткі сатқандардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған
Орал қаласында есірткі сатқан 20 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған.
Жедел басқару орталығының инспекторы көпқабатты үйдің ауласында күдікті адамдар тобын байқап, орнына патрульдеушілерді жіберді. Тексеру барысында полиция 20 жастағы ер адамды ұстады, оның қалтасынан өзіне тән иісі бар жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылды, - делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыстар үшін 80 АЕК (314 560 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында вагон рельстен шығып кетті
Өзгелердің жаңалығы