26 Қазан 2025, 22:48
Фото: БҚО Полиция департаменті
Оралда есірткі өсіретін жасырын фитозертхана жойылды
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, гараж кооперативтерінің бірінде есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, гараж кооперативтерінің бірінде есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1984 жылғы тұрғынға тиесілі гараждан шамдармен жабдықталған және жылуды сақтау үшін арнайы қапталған фитозертхана табылды.
Полицейлер жедел іс-шара барысында аталған жертөледе 5 түп қарасора өсімдігі заңсыз өсірілгенін анықтады. Күдіктінің айтуынша, ол есірткінің тұқымдарын интернет-дүкен арқылы сатып алған. Оқиға орнынан 5 түп қарасора өсімдігі, ерекше иісі бар, сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған түйіншек, 2 дана жарық шам, 5 ыдыс тыңайтқыш тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады.
- 13 қыркүйекке арналған валюта бағамы 09:49
- Илон Маск пен Сэм Альтман ЖИ дамуын бәсеңдетуді қолдады 09:20
- «Таза жағалау» акциясы: 586 гектар жер қоқыстан тазартылды 08:54
- Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады 08:33
- Отбасы күні: Қазақстанда отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі? 08:29
- Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды 08:18
- Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады 08:02