Оралда еріген қар суы көше жолдарын басты
Орал қаласында көше жолдары арқылы аққан еріген су сорылып, тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Орал қаласының Сарыарқа шағынауданында қалың қардың еруі салдарынан қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналып, екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылды.
Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және халық үшін қауіп жоқ. Бұл жерде Батыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде.
Олар мотопомпалардың көмегімен су айдауды жүргізуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Жағдай бақылауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Путин татуласуға дайын ба? – Bloomberg
Келесі жаңалық
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы