Оралда ер адам үш метрлік кәріз құдығына түсіп кетті
Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратқа сенсек, оқиға сенбі күні Урдинская көшесіндегі үйдің жанында болған.
1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге жүгінген, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны люктен алып шықты.
Олар зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, деп қосты баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2025 жылы отандық өндірісте 22 000 жаңа жұмыс орны ашылды
Өзгелердің жаңалығы