Оралда электр энергиясының тарифі көтерілді
Алматы, BAQ.KZ. Табиғи монополияларды реттеу департаменті «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің жобасын назарға алып, электр энергиясының тарифін көтеруді мақұлдады.
Алайда, тарифті тек тұрғындар үшін көтерудің орнына сұралған соманы барлық тұтынушыға бөлетін болды.
Біз «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің электр энергиясын көтеру жөніндегі өтінішін қарадық. «БЭР» орташа тарифті 1 кВт үшін 18,85 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Оның ішінде жұртшылық үшін 1 кВт үшін 16,29 теңгеге (өсім 5 теңге), бюджеттік ұйымдарға 1 кВт үшін 31,19 теңгеге дейін төмендету (төмендету 5,8 теңге), өзге қолданушылар үшін өзгеріссіз қалдырылатыны айтылды. Бұл жағдайда барлық ауыртпалық жұртшылықтың мойнына артылар еді, - дейді БҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Досжан Исмаилов.
Оның айтуынша, департамент тарифтің 1 кВт үшін 18,85 теңгеге емес 17,52 тенгеге көтеру туралы шешім қабылдады. Яғни, барлық тұтынушы үшін теңдей етіп көтерілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Намаз оқымайтын адам – КӘПІР» дейтіндерге жауап
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы