Оралда дәмханада болған өрттен бес адам зардап шекті

Өрт 21 қазан күні сағат 22:00 шамасында Зачаганск кентіндегі Мөңкеұлы көшесіндегі "Арбат" банкет залында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеменің асханасында жабдықтар мен бензин генераторы өртенген.

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт салдарынан 5 адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Өрт 22:46-да толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 49 өрт сөндіруші мен 15 техника жұмыс істеді, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы