Оралда блок-бекеттер қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысына сәйкес, 1 мамырдан бастап Орал қаласына кіру және шығу периметрі бойынша, сондай-ақ Ақжайық, Бөрлі, Казталовский, Теректі, Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандары учаскелерінде блок-бекеттер орнатылды, деп хабарлайды «Мой город».

Блок-бекеттердегі жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері блок-бекеттерде кезекшілік етеді. Олар адамдардың рұқсат қағаздары мен stopcоvid.kz сайтында тіркелуін тексереді.

Барлығы әдеттегідей өтіп жатыр, әлі ешқандай тосын жағдай болған жоқ. Адамдар құжаттарды тексеруге түсіністікпен қарайды. Бірнеше машинаны қалаға кіргізбеуге тура келді, оларда рұқсат болмады, адамдар бұрылып кетіп қалды, – деді полиция қызметкері Бақдәулет Кәрімов.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы