Оралда көпқабатты үй өртеніп, бір адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 19.17-де Дәулеткерей көшесі 31-үйде орын алды. Осы үйдің бесінші қабатындағы 12-пәтерде жеке заттар жанды. Өрт аумағы 25 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 19.36-да оқшауланып, 19.50-де ауыздықталды. Оқиға орнынан 30 адам шығарылса, соның бесеуі – балалар - делінген хабарламада.
Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы