Оралда бетіне шұлық киген қарақшы дүкенді тонап кетті
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оралда 29 жастағы ер адам дүкен иесі мен оның танысын пышақпен қорқытып, кассадан 100 мың теңге алып кеткен.
Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Шабуыл алдында күдікті бетіне қара түсті шұлық киіп, түрін жасыруға тырысқан. Алайда оқиға орнынан қашып үлгермеген.
Полиция қызметкерлері күдіктіні бұталардың арасына тығылып қалмақ болған кезде байқап қалған. Құжаттарын көрсетуді талап еткен тәртіп сақшыларына ер адам пышақпен қарсы шабуыл жасаған. Соған қарамастан, полицейлер оны жедел түрде залалсыздандырып, қолға түсірді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Әлима Ғарифуллинаның айтуынша, бұл қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
- Суданда алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты 05:17
- Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді 04:26
- Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 03:41
- Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды 02:35
- Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты 01:28
- Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді 00:31
- Астанада оқушылар кітапты ЖИ-мен бірге талқылайтын жоба іске қосылды 16.09.2026