Оралда баланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде баланы қаққан көлік анықталып, иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні Оралда жүргізуші 2009 жылғы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын.
Алған жарақатының салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек жедел жәрдем келмей тұрып қаза болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Шырақшы" фильмі Сочидегі фестивальде екі жүлдеге ие болды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы