Оралда бадминтоннан халықаралық турнир басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт күнге созылатын жарысқа Германия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Чехия және Польша секілді әлемнің 15 елінен 100-ге тарта спортшы келді, деп хабарлады "Хабар 24".

Үшінші мәрте жалауын көтерген халықаралық турнир Орталық Азияда алғаш ұйымдастырылып отыр. Бадминтоншылар бұл байрақты бәсекеге үлкен дайындықпен келген. Өйткені спортшылар осы сайыста жинаған ұпайлары есебінен келер жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына жолдама алады.

Қазақстан құрамасы сапында еліміздің әр өңірінен іріктелген 35 спортшы  бар.
Жарыстың ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде. Қазір Қазақстанда спорттың бұл түрі даму үстінде деп есептеймін. Ал Жапонияда бадминтоншылар жеңіс тұғырынан жиі көрініп, бұл салада жетекші мемлекеттердің біріне айналғаны рас, - дейді жарыстың бас төрешісі Томохару Сано.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы