Оралда қайталап қылмыс жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол бірер жыл бұрын ұрлық жасап, алайда сот оны бас бостандығын айырмай, шектеу жазасын ғана тағайындаған еді, деп хабарлады 24.kz.

Дегенмен пробация қызметінің бақылауында тұрған азамат 2 жылдың ішінде екі мәрте әкімшілік құқықбұзушылық жасапты. Тәртіпке бас игісі келмеген қылмыскер енді 1 жылға жуық уақытын темір тордың ар жағында өткізеді. Айта кетерлігі, аталған сот отырысы кинотеатр залында, түзеу мекемелерінен босап шыққан және бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған азаматтардың қатысуымен өткізілді. «Бұрын сотталғандардың 20 проценті қылмысты қайталап жасауға бейім. Бұған басты себеп – өздерінің еңбек етуге деген ниетінің болмауынан», - дейді сала мамандары.

«Р» деген азаматқа 8 ай 20 күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Қалған сотталғандарға бұл профилактикалық түрде сабақ болсын деп, алдағы уақытта мұндай құқыбұзушылықтар жасамау мақсатта өткізіліп отырған шара», - дейді қалалық пробация қызметінің бастығы Талғат Құрманәлиев.

«Биылғы жылы 34 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар мемлекет тарапынан түзету орындарынан босап шыққан тұлғаларға 10 АЕК көлемінде көтермеақы беріледі. Пробациялық тіркелімде тұрған азаматтардың кез келген жағдайда олардың жұмысқа деген, өздерінің әлеуметтік қамтуға деген ынтасының төмендігі байқалады», - дейді қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұржан Аткешев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы