15 Тамыз 2026, 14:01 Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Оралда автокөліктен ірі көлемде алкоголь өнімі табылды

Көліктен әртүрлі көлемдегі 83 бөтелке алкоголь табылып, өнім тәркіленді.

Оралда полиция қызметкерлері автокөліктен 400 литрге жуық алкоголь өнімін анықтады. Көлікте әртүрлі көлемдегі 83 бөтелке болған. Тәркіленген алкоголь мен тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Автокөліктен бес литрлік 70 бөтелке, көлемі бір литр болатын бір ыдыс және 0,5 литрлік 12 бөтелке табылды.

Табылған өнім тәркіленді. Жиналған материалдар алкоголь өнімдерімен бірге процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды, – деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство алкоголь өнімдерінің айналымы, сақталуы және сатылуы саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған тексерулер жалғасатынын атап өтті.