Оралда автобустарда жолақы бағасы өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда 10 тамыздан бастап автобустарда жолақы бағасы өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, шаһарда жолақы төлеудің электронды жүйесі жолаушы тасымалдайтын барлық 27 қалалық бағытта орнатылды.

Оралда 10 тамыздан бастап сараланған жолақы бағасы енгізіледі. Атап айтқанда, көлік картасы, Avtobys, QR-код және Kaspi QR қосымшаларымен жолаушылар бұрынғыша 80 теңге төлейді. Ал қолма-қол төлемақы 150 теңге болмақ. Балалар жолақысы – 70 теңге. Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері, көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедектер, сондай-ақ 7 жасқа дейінгі балалар (орын ұсынусыз) тегін жүреді. 15 жасқа дейінгі балалар, көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерді алып жүрушілер жолақының тең жартысын төлейді, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы