Оралда «Атамекен» фестивалі мәреге жетті

Орал қаласында үш күн бойы ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық пен «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ХІІ халықаралық «Атамекен» фестивалі өтті, деп хабарлайды БҚО-дағы BAQ.KZ тілшісі. 

Жыл сайынғы дәстүрлі ән сайысына Қазақстан, Ресей мен Қытайдан 21 үміткер қатысты. Қазылар құрамында Ескендір Хасанғалиевтің ұлы, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев те болды.

Фестивальдің бас жүлдесі (1 млн теңге) шымкенттік Айнұр Назарбековаға бұйырды. Бірінші орыннан Астана қаласынан келген Мұратбек Хайролда (650 мың теңге), ІІ орыннан түркістандық Өсербай Бөріханов (500 мың теңге) көрінсе, ІІІ орынды Ұлытау облысының өкілі Айбек Абдыашимұлы мен батысқазақстандық Рустам Хафизов үшінші (300 мың теңгеден) бөлісті.

Атыраулық Мержан Қабдолов, Абай облысынан Олжас Оспан және батысқазақстандық Аружан Бисембай, дипломант атанса, Ресейден келген Тасқын Әжібайға Хасанғалиевтер әулетінің жүлдесі табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы